NUR
Марқа 8
1Сол күндері қайтадан халық көп жиналып, жейтін тамақтары болмады. Иса шәкірттерін қасына шақырып:
2— Халыққа жаным ашиды. Олар үш күннен бері қасымда болып, жейтін азықтары қалмады.
3Оларды аш күйлерінде үйлеріне қайтарып жіберсем, жолшыбай әлсіреп, құлап қалар. Ал бірқатары тым қашықтан келді, — деді.