NUR
Марқа 5
1Бұдан кейін Иса мен шәкірттері көлдің арғы бетіндегі Ғадара өңіріне жетті.
2Иса қайықтан түсісімен-ақ, Оған зират арасынан шыға келген, жын соққан бір кісі кездесе кетті.
3Сол адам қабірге арналған үңгірлерде тұратын. Ешкім оны тіпті шынжырлармен де бұғаулап қоя алмайтын.