NUR
Марқа 4
1Иса қайтадан көл жағасында тәлім бере бастады. Қасына жиналған халықтың көп болғаны сонша, Иса қайыққа мініп, көл бетінде отырды. Ал барша халық жерде, жағалауда болды.
2Иса оларға астарлы әңгімелермен көп тәлім беріп, былай деді:
3— Тыңдаңдар: бір диқан тұқым себуге шығыпты.