NUR
Марқа 12
1Сонда Иса оларға астарлы әңгімелер айта бастап былай деді: — Бір кісі жүзім бағын отырғызады. Оны дуалмен қоршап қояды, әрі жүзім шырынын сығып алуға арналған шұңқыр қазып, күзет мұнарасын да салады. Кейін бағын жүзімшілерге жалға тапсырып, өзі басқа жаққа сапарға аттанады.
2Мерзімі жеткенде бақтың иесі оның өнімінен өзіне тиісті үлесін алу үшін жүзімшілерге бір қызметшісін жұмсайды.
3Бірақ олар қызметшіні ұстап алып, ұрып-соғып, құрқол қайтарып жібереді.