NUR
Матай 8
1Иса таудан түскеннен кейін Оның соңынан көптеген халық ерді.
2Сонда алапеспен ауырған біреу Исаның алдына келді де, тізе бүгіп тағзым етіп: — Мырза, егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп өтінді.
3Иса қолын созып, денесіне тигізді де: — Қалаймын, құлантаза сауығып кет! — деді. Сол сәтте-ақ ауру адам алапесінен арылып, тазарды.