NUR

Матай 3

1Сол заманда шомылдыру рәсімін орындаушы Жақия пайғамбар келіп, Яһудея аймағындағы айдалада былай деп уағыз айта бастады:

2«Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Құдай Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!»

3Ишая пайғамбардың ежелде былай деп алдын ала айтқаны Жақия туралы болатын: «Жар салған дауыс шығады айдалада: Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар, Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!»

Nur ilovasida to'liq o'qish →