NUR
Матай 23
1Содан кейін Иса жиналған көпшілікке және Өзінің шәкірттеріне былай деді:
2— Дін мұғалімдері мен парызшылдар Мұса пайғамбардың орнын басты.
3Сондықтан олардың айтқандарын түгелдей орындаңдар, бірақ істегендеріндей істемеңдер! Себебі сол айтқандарын олардың өздері іс жүзінде орындамайды.