NUR
Матай 21
1Осылай Иса мен шәкірттері Иерусалимге таяп, Зәйтүн тауының беткейіндегі Бетфаге ауылына жақындап келді. Сонда Иса екі шәкіртін жұмсап,
2оларға мынадай тапсырма берді: — Қарсы алдарыңдағы ауылға барыңдар. Оған кірген бойда байлаулы тұрған бір ұрғашы есекті және қасында тұрған тайқарды көресіңдер. Соларды шешіп, алып келіңдер.
3Егер біреу сендерге бірдеңе дей қалса, оған: «Бұлар Мырзамызға керек» деп жауап беріңдер. Сонда ол дереу жібере салады.