NUR
Лұқа 9
1Бірде Иса он екі елшісін қасына шақырып алып, оларға барлық жындарды қуып шығарып, ауруларды сауықтыру құдіреті мен билігін тапсырды.
2Оларды Құдайдың Патшалығын уағыздап, науқастарды сауықтыруға да жіберді.
3Сонда Иса елшілеріне мына тапсырманы берді: «Жолға артық еш нәрсе алмаңдар: таяқ, жолдорба, нан, ақша, артық киімдерің болмасын.