NUR

Лұқа 6

1Бір демалыс күні Иса егіндік арасымен өтіп бара жатқанда, шәкірттері біраз масақ үзіп алып, қолмен үгіп жеді.

2Кейбір парызшылдар: — Сендер демалыс күні істеуге тыйым салынған жұмысты неге істеп жүрсіңдер?! — деп наразылық білдірді.

3Иса оларға былай деп жауап қайырды: — Дәуіт пайғамбар мен оның қасындағылар ашыққан кезде не істегенін оқымап па едіңдер?

Nur ilovasida to'liq o'qish →