NUR
Лұқа 12
1Осы екі арада мыңдаған адамдар келіп, сығылысып тұрды. Ал Иса алдымен шәкірттеріне қарап былай деді: «Парызшылдардың ашытқысынан, яғни екіжүзділіктен, сақтаныңдар!
2Ашылмайтын сыр, білінбейтін құпия болмайды.
3Сондықтан қараңғыда айтқандарың жарықта естіледі, үй ішінде құлаққа сыбырлағандарың жұртқа жария болады.