NUR
Леуіліктер 9
1Сол жеті күн өткенде сегізінші күні Мұса Һарон мен оның ұлдарын және Исраилдің рубасыларын шақырып алып,
2Һаронға былай деді: «Күнәнің құнын өтейтін құрбандығың үшін табыннан бір жас ірі қара малды, әрі шалынып, түгелдей өртелетін құрбандығың үшін бір қошқарды Жаратқан Иенің алдына алып кел. Екеуі де ешбір мінсіз болсын.
3Содан соң Исраил халқына мынаны айт: Жаратқан Иенің алдында ұсыну үшін күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа бір теке, шалынып, түгелдей өртелетін құрбандыққа бір жастағы, ешбір мінсіз бір бұқа мен қошқарды