NUR

Леуіліктер 5

1Егер біреу өзінің бір жайтқа байланысты көргені не білетіні туралы куәлік келтіруге антпен шақырған дауысты естіп, содан бас тартса, оның күнә жасағаны, ол айыпты болады.

2Немесе біреу кез келген арам нәрсемен: арам аңның не арам малдың өлігімен не құжынаған арам мақұлықтардың өлігімен жанасса, тіпті осы жайт оған беймәлім болса да, ол бәрібір арамданып, айыпты болады.

3Біреу адам денесінен бөлінетін қандай да болмасын оны арамдайтын былғанышқа жанасса, тіпті осы жайт оған беймәлім болса да, сол туралы білгенде ол айыпты болады.

Nur ilovasida to'liq o'qish →