NUR
Ешуа 10
1Иерусалим патшасы Адони-Седек те Ешуаның Айды жаулап алып, тас-талқан етіп қиратқанын естіген еді. Ол, сондай-ақ, Ешуаның Иерихон қаласы мен оның патшасына әрі Ай мен оның патшасына да істегені туралы да хабардар болды. Енді ол Гибеон тұрғындарының исраилдіктермен бейбітшілік келісімін жасап, олардың арасында тұрып жатқандарын да біліп алды.
2Сонда Иерусалим патшасы және оның халқы қатты қорқып кетті. Себебі Гибеонның өзі патшасы бар қалалардың біріндей үлкен және тұрғындары Ай қаласынан да көп болатын. Гибеонның ер азаматтарының бәрі мықты да батыл жауынгерлер еді.
3Сондықтан Иерусалим патшасы Адони-Седек Хеброн патшасы Хоғамға, Ярмут патшасы Пирамға, Лахыш патшасы Япияхқа және Еглон патшасы Дебірге мынадай сәлем жіберді: