NUR
Жохан 3
1Парызшылдар арасында яһуди халқының Нікөдем есімді басшысы бар еді.
2Ол Исаға түнде келіп: — Ұстаз, Сіздің Құдайдан келген мұғалім екендігіңізді білеміз. Себебі Сіз жасаған керемет істерді Құдайдың қолдауынсыз ешкім де орындай алмайды, — деді.
3Иса: — Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығын көре алмайды, — деді.