NUR
Еремия 52
1Седекиях патша болғанда жиырма бір жаста еді, ол Иерусалимде он бір жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні либналық Еремия қызы Хамутал болатын.
2Кезінде ағасы Жохақым істегендей, Седекиях та Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді.
3Жаратқан Ие Иерусалим мен Яһуданың халқына қатты қаһарланғандықтан, оларды ақырында Өзінің қасынан аластатты. Сол кезде Седекиях Бабыл патшасына қарсы бас көтерді.