NUR
Еремия 46
1Мұнда Жаратқан Иенің басқа халықтар жайлы Еремияға арнаған сөздері берілген.
2Мысыр елі туралы мына сөз Мысыр патшасы Нехо перғауынның әскері жөнінде айтылды. Сол кезде бұл әскер Евфрат өзенінің жағасындағы Қаркеміш қаласының маңында тұрақтаған еді. Олар Жосия ұлы Жохақым Яһуда еліне патшалық құрған төртінші жылы сол төңіректе болған шайқаста Бабыл патшасы Набуходоносордың әскерінен жеңіліп қалды.
3— Үлкен және кіші қалқандарыңды дайындап, шайқасқа шығыңдар!