NUR
Еремия 37
1Кейінірек Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалимге келіп, Жохақым ұлы Ехонияхтың орнына Жосия ұлы Седекияхты Яһуда елінің патшасы етіп тағайындады.
2Алайда Седекияхтың өзі де, нөкерлері де, елде қалған халық та Жаратқан Иенің Еремия пайғамбар арқылы айтқан сөздеріне құлақ аспады.
3Сонда да Седекиях патша (басына күн туғанда) Еремия пайғамбарға Шелемиях ұлы Ехухал мен діни қызметкер Мағасиях ұлы Софония екеуін жіберіп: «Біз үшін Құдайымыз Жаратқан Иеге сиынып арашалық дұға ете көріңіз!» — деп өтінді.