NUR
Еремия 22
1Жаратқан Ие маған былай деп тапсырды: «Яһуда патшасының сарайына ылдилап бар да, сонда мына сөздерді жарияла:
2Уа, Дәуіттің тағында отырған Яһуда патшасы, Жаратқан Иенің сөзін тыңда! Уа, осы қақпалар арқылы сарайыңа кіретін өзің де, нөкерлерің де, халқың да, құлақ түріңдер!
3Жаратқан Ие мынаны айтады: Әділдік пен шындықты ұдайы қолдаңдар! Жәбірленгенді қысым көрсетушісінен құтқарыңдар! Жат жұрттыққа, жетім-жесірге жәбір көрсетпеңдер! Бұл елде жазықсыз адамның қанын төкпеңдер!