NUR

Еремия 17

1Яһуданың күнәсі олардың жүректерінде және құрбандық үстелдерінің мүйіз тәрізді шошақтарында тас тақтайшаға темір құралмен не үшкір алмаспен жазылғандай анық та берік тіркелген.

2Тіпті олардың балалары да жапырағы жайқалған ағаштардың түбінде және биік төбелерде жалған тәңірлерге арнап орнатылған құрбандық үстелдерін және Ашераға бағышталған ағаш бағаналарын жақсы біледі.

3Сондықтан (біліп қой, Яһуда халқы:) Мен Өзімнің осы жердегі Сион тауымды әрі сенің барлық қазына-дәулетіңді биіктеу жерлердегі табыну орындарыңмен қоса жауларыңа олжа етіп бере саламын. Себебі бүкіл елің бойынша күнә жасай бересің.

Nur ilovasida to'liq o'qish →