NUR
Билер 8
1Ал ефремдіктер Гедеонды қатты сөгіп: — Неге бізге осылай істедің? Мадияндықтарға қарсы соғысуға аттанғаныңда неге бізді шақырмадың? — деді.
2Гедеон оларға жауап беріп: — Сіздермен салыстырғанда мен қазір қандай жетістікке қол жеткізіппін? Ефрем руының терген масақтары Әбиезер әулетінің бүкіл жинағанынан әлдеқайда артық емес пе?
3Құдай сіздердің қолдарыңызға Мадиянның екі әміршісі Ориб пен Зипті түсірді! Сіздермен салыстырғанда мен қандай жетістікке қол жеткізе алдым? — деді. Гедеонның жауабын естігенде, ефремдіктердің ашуы басылды.