NUR

Билер 11

1Ғилақадтық Ефтах мықты да батыл жауынгер еді. Оның әкесінің аты Ғилақад, ал шешесі жеңіл жүрісті әйел болатын.

2Ғилақадтың некелі әйелі де оған ұлдар туды. Олар есейген кезде Ефтахты қуып жіберіп, оған: «Біздің әкеміздің үйінде мұрагер болмайсың, себебі сен бөгде әйелдің баласысың», — деді.

3Сонда Ефтах ағайындарынан қашып кетіп, Тоб өңіріне қоныстанды. Сол жерде оған бірнеше бос жүрген жігіттер қосылып, оның соңынан еріп (жаудың елді мекендерін тонауға) шығып жүрді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →