NUR
Ишая 62
1Мен Сионды сүйіп, Иерусалимнің құтқарылуын зарыға күткендіктен тынши алмаймын. Оның әділдігі таңғы шұғыладай жарқырап, құтқарылуы алаудай лаулап жанбайынша, Құдайға жалбарынудан бас тартпаймын!
2Сион, сол кезде барлық ұлттар әділдігіңді көріп, патшалары да салтанатты ұлылығыңа көздерін жеткізеді. Жаратқан Ие саған қойған жаңа атыңмен аталатын боласың.
3Сен Құдай Иеңнің қолында патшаның керемет әдемі тәжі іспетті болып көрінесің.