NUR
Ишая 29
1Уа, Құдайдың құрбандық үстелі орналасқан Иерусалим қаласы — ежелде Дәуіт патша тұрған шаһар, сен қасіретке қаласың! Мейлі, жыл сайын өз мейрамдарыңды өткізе бер!
2Әйтсе де Мен басыңа қиыншылық түсіремін. Сонда еңіреп жылайсың. Ал қала қанмен былғанған құрбандық үстеліне ұқсайды.
3Мен қаланы жан-жақтан қоршап алып, дуал мен мұнаралар тұрғызып қамаймын.