NUR

Ишая 21

1Бұл — «теңізге жақын құла түз» туралы ауыр хабар: Оңтүстіктің иен даласындағы құйындар соққандай, сол қорқынышты шөл жақтан апат келеді.

2Маған кәрлі көрініс көрсетілді: сатқын сатқындығын, құртушы құртуын жалғастыра береді. «Ей, Елам жасағы, шабуылға шық! Ей, Мидия әскері, қамап ал! Мен Бабылдың халықтарды езіп-жаншып зарлатуын түгелдей тоқтатамын!» (— дейді Жаратқан Ие.)

3Осыдан тұла бойым қалтырап, қатты ауырып жатырмын. Толғақ қысқан әйелдей азапқа баттым. Көріністе көріп-естігендерім мені абыржытып, әбден түңілдірді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →