NUR
Ишая 14
1Жаратқан Ие Жақыптың үрім-бұтағына аяушылық танытып, Исраил халқын тағы да Өзінікі қылып таңдап алып, оларды өз елінде қайтадан орналастырады. Жат жұрттықтар да мұнда келіп, Жақыптың үрім-бұтағына қосылмақ.
2Басқа ұлттар Исраил халқын өз еліне қайтып әкеледі, әрі оларға Жаратқан Иенің таңдаған жерінде ұдайы қызмет ететін болады. Сонда халық бұрын өзін тұтқын етіп, езіп-жаншығандарды тұтқындап, үстерінен билік құрмақ.
3Сол күні Жаратқан Ие сені азап пен қорқыныштан, құлдықтың ауыр жүгінен азат ететін болады.