NUR
Жаратылыс 22
1Осы оқиғалардан соң Құдай Ыбырайымды сынамақ болып, оны: — Ыбырайым! — деп шақырды. Ол: — Тыңдап тұрмын, — деп жауап берді.
2Сонда Құдай оған: — Сен өзіңнің жақсы көретін жалғыз ұлың Ысқақты ертіп алып, Мория жеріне бар. Оны сол жерде Мен саған көрсететін тауға апарып, құрбандыққа шалып, өртеп жібер! — деп бұйырды.
3Ыбырайым таңертең ерте тұрып, есегін ерттеп, жастау екі қызметшісін және ұлы Ысқақты өзімен бірге ертіп алды. Ол құрбандық отына жеткілікті етіп отындық ағаш жарып алып, Құдай өзіне айтқан жерге қарай жолға шықты.