NUR

Езра 4

1Ал исраилдік Яһуда мен Бунямин руларының дұшпандары да болды. Олар жер аударылудан қайта оралған халықтың Исраилдің Құдай Иесіне арнап ғибадатхана сала бастағанын естіді.

2Осы дұшпандар Зоробабелге және исраилдік әулет басшыларына келіп, оларға былай деді: — Осы құрылысқа сіздермен бірге қатысайықшы! Себебі өздеріңіз сиынатын Құдайға біз де сіздер секілді сиынамыз. Ассур патшасы Асардан бізді осы жерге көшіріп әкелген уақыттан бері, Құдайға арнап құрбандық шалып келеміз. —

3Бірақ Зоробабел, Ешуа және исраилдік әулет басшылары оларға: — Құдайымызға арналған ғибадатхананы салу ісіне бізбен бірге қатысуға құқықтарыңыз жоқ. Парсы патшасы Кир өзімізге бұйырғандай, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге арнап киелі үйді тек өзіміз ғана саламыз! — деп жауап берді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →