NUR
Езра 10
1Езра осылай мінажат етіп жылап, Құдайдың киелі үйінің алдында сиынып, күнәларды мойындап етпетінен жатты. Сол кезде оның айналасына исраилдіктердің ер адамдар, әйелдер және балалардан тұратын өте үлкен жамағаты жиналды. Олар да зар еңіреп жылаумен болды.
2Сонда Еламның ұрпақтарының бірі — Ехиел ұлы Шеханиях Езраға тіл қатып былай деді: «Рас, біз айналамыздағы бөтен жұрттықтардан әйел алып, Құдайымызға опасыздық жасадық. Бірақ та Исраил үшін әлі де үміт бар.
3Қазір-ақ Құдайымызбен Келісім жасайық! Біздің мырзамыз — сіздің ақыл-кеңесіңіз және Құдайдың өсиеттерін терең қастерлейтін басқалардың да ақыл-кеңесі бойынша былай істейік: Сондай әйелдердің бәрін олардың туған балаларымен бірге қоя берейік. Бұл Таурат заңына сәйкес істелсін.