NUR
Езекиел 46
1Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ішкі ауланың Шығыс қақпа ғимараты алты жұмыс күні бойы жабық тұрып, демалыс күндері мен әр айдың алғашқы күні ашық тұрсын.
2Әмірші сырттан осы қақпа ғимаратының бағаналы кіреберісі арқылы кіріп, оның ішімен өтетін жолда орналасқан бағананың қасында тұрсын. Діни қызметкерлер әміршінің түгелдей өртелетін және Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтарын шалып, өртеп Өзіме ұсынсын. Әміршінің өзі қақпа табалдырығының қасында иіліп ғибадат етсін. Содан соң ол сыртқы аулаға шығып кетеді. Қақпа ғимараты кешке дейін жабылмайды.
3Елдің халқы демалыс күндері мен әр айдың алғашқы күні Шығыс қақпа ғимаратының кіреберісінің қасында Менің, Жаратқан Иенің, алдында иіліп ғибадат етсін.