NUR

Езекиел 43

1Содан соң әлгі хабаршы мені шығысқа қарап тұрған қақпа ғимаратына алып келді.

2Кенеттен шығыс жақтан Исраилдің Құдайының келе жатқан нұрлы салтанатын көрдім. Оның үні сарқырап қатты ағып жатқан судың гүріліндей болды. Төңіректегі бүкіл жер Оның салтанатынан нұрланып жарқырап тұрды.

3Мен көріп жатқан осы көрініс Құдайдың қаланы құртуға келген кезінде және өзім Хобар өзенінің бойында болғанда көрген көріністер сияқты болды. Содан мен жерге етпетімнен жата кеттім.

Nur ilovasida to'liq o'qish →