NUR
Езекиел 32
1(Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) он екінші жылдың, он екінші айының бірінші күні Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
2«Пендем, Мысыр патшасы перғауынды жоқтап былай де: Өзіңді ұлттардың арасындағы жас арыстандай көресің, ал шынында теңіздегі айдаһарға ұқсайсың. Еліңдегі өзен тармақтарында әрлі-берлі шапқылап жүресің, аяқтарыңмен суды сабалап, лайлайсың».
3Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Енді Мен көп халықтарды сенің үстіңе ауымды тастауға жіберемін. Олар сені сол аумен судан тартып шығарып алады.