NUR
Езекиел 29
1(Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) оныншы жылдың оныншы айының он екінші күні Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
2«Пендем, бет-жүзіңді Мысыр патшасы перғауынға қарай бұр да, оған және бүкіл Мысырға қарсы Менің хабарымды жарияла!
3Оларға тіл қатып былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қой, Мен саған қарсы шығамын, ей, Мысыр патшасы перғауын! Сен дәу айдаһардай «Ніл — менікі, мен оны өзім үшін жараттым!» деп бөсіп мақтанасың.