NUR
Езекиел 23
1Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:
2«Ей, пендем, баяғыда бір анадан туған апалы-сіңлілі екі әйел болған екен.
3Олар жастық шағынан-ақ Мысырда жеңіл жүріске салыныпты. Сол жерде еркектер олардың төстерін қысып, балғын тәндерін аймалапты.