NUR
Езекиел 21
1Кейін Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
2— Ей, пендем, бетіңді Иерусалимге қарай бұрып, киелі үйдің қирайтыны туралы, әрі Исраил еліне және ондағы табыну орындарына қарсы пайғамбарлық сөз айт!
3Исраил еліне былай де: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп ал, енді Мен Өзім саған қарсы шығамын! Семсерімді қынабынан суырып алып, сендегі әділдерді де, зұлымдарды да қырамын!