NUR
Мысырдан шығу 6
1Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп білдірді: — Енді сен Менің перғауынға не істейтінімді көретін боласың. Мен оған қарсы құдіретті қолымды созған соң, ол халықты босататын болады. Ол құдіретті қолымның ықпалынан оларды елінен тіпті өзі қуып шығатын болады! —
2Құдай Мұсаға тағы мынаны да айтты: — Мен Жаратқан Иемін.
3Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа «Құдіреті шексіз Құдаймын» деп аян бергенімде оларға Өзімнің «Жаратқан Ие» деген есімімді білдірген жоқпын.