NUR

Мысырдан шығу 39

1Шеберлер діни қызметкерлердің киелі шатырдағы қызмет еткенде киетін киімдерін қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн жіптерден тоқып дайындады. Олар Һаронның мына арнайы киімдерін де Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай етіп жасады:

2(ефод деп аталған) жеңсіз сырт киім алтын талшықтардан әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден тоқылды.

3Бұл үшін шеберлер алтыннан балғамен соғып жұп-жұқа тегіс қабықшалар дайындап, соларды талшықтар етіп қиып, қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және зығыр жіптермен бірге кестелеп тоқу үшін иірді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →