NUR
Мысырдан шығу 35
1Мұса Исраилдің үрім-бұтағының бүкіл қауымын жинап алып, оларға былай деді: «Жаратқан Ие орындауға мынаны бұйырған:
2алты күн жұмыс істеуге арналған. Ал жетінші күн сендер тынығып демалатын, Жаратқан Иеге бағышталған киелі күн болсын! Сол күні жұмыс істеген әркім өлтірілуге тиіс.
3Барлық тұрған жерлеріңде демалыс күні тіпті от та жақпаңдар!»