NUR
Мысырдан шығу 34
1Жаратқан Ие Мұсаға тағы бұйрық беріп: — Өзің сындырып тастаған бұрынғы тас тақташалар сияқты екі тақташа қашап жасап ал. Олардың беттеріне алғашқы тақташаларда жазылған сөздерді жазып қоймақпын.
2Ертеңгісін дайын бол, Синай тауына көтеріліп, таудың басында Менің алдымда тұр!
3Ал ешбір адам саған еріп көтерілмесін, таудың барлық беткейінен ешкім де көрінбесін! Таудың маңында ірілі-ұсақты мал да жайылмасын! — деді.