NUR
Мысырдан шығу 31
1Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
2— Біліп ал: Мен Яһуда руынан шыққан Һұрдың немересі, Ұри ұлы Беселиелді арнайы таңдап алдым.
3Оны Құдай Рухына кенелтіп, оған ақыл-парасат пен қабілет дарытып, барлық өнерден хабардар етіп қойдым.