NUR
Мысырдан шығу 28
1Бүкіл Исраил үрім-бұтағының арасынан Менің діни қызметкерлерім болу үшін ағаң Һаронды ұлдары Надаб, Әбиһу, Елазар, Ітамармен бірге қасыңа шақырып алдырт.
2Қадір-құрмет пен сән-салтанат көрсету үшін ағаң Һаронға арнайы киімдер тіккіз.
3Һаронның Менің қызметіме бағышталып тағайындалу рәсімі кезінде киетін сол киімдерін дайындау жайында Өзім ерекше дарынға кенелткен барлық парасатты адамдарға нұсқау бер.