NUR
Мысырдан шығу 21
1Сен халқыңа жариялауға тиісті заңдар мыналар:
2Егер басыбайлы исраилдік қызметші сатып алсаң, ол саған алты жыл қызмет етсін. Жетінші жылы оған бас бостандығын тегін бер.
3Егер ол келгенде жалғыз басты болса, жалғыз кетсін; ал үйленген болса, әйелі де онымен бірге босатылсын.