NUR
Мысырдан шығу 2
1Сол кездері Леуі руынан шыққан бір адам өз руынан әйел алады.
2Сол әйел жүкті болып, ұл туады. Сәбидің ерекше әдемі екенін көрген шешесі оны үш ай бойы жасырып бағады.
3Алайда бұдан әрі жасыра алмайтындықтан, әйел қамыстан себет тоқып, оны қара шайырмен бітеп, нәрестені ішіне жатқызады. Сонан соң себетті Ніл өзенінің жағасында өсіп тұрған құрақтың арасына апарып, суға қоя береді.