NUR
Қолостықтарға 2
1Сендер мен лаудікиліктер үшін және менімен әлі де жүздеспегендердің бәрі үшін қаншалықты күресіп жүргенімді білдіргім келеді.
2Күресімнің мақсаты — сендердің жүректеріңнің жігерленіп, сүйіспеншілікпен рухани бірлесулерің, сөйтіп Құдай Әкеміздің Мәсіх туралы құпия хабары жөнінде терең де бай түсінік алып, оны түгел тануларың.
3Ал Мәсіхте Құдайдың даналығы мен білімінің бүкіл қазынасы жатыр.