NUR
Амос 1
1Мұнда Яһуданың Текоя қалашығындағы шопандармен жүрген Амос пайғамбардың айтқан сөздері берілген. Ол соларды Яһуда еліне Ұзиях, ал Солтүстік Исраилге Жоғас ұлы Еробоғам патшалық құрған заманда аян көргенде Құдайдан қабылдаған еді. Бұл жер сілкіністен екі жыл бұрын болды.
2Амос пайғамбар былай деді: «Жаратқан Ие Сион тауынан ақырады, Ол Иерусалимнен дауысын шығарады. Сонда малшылардың жайылымдары солады, Қармил тауының төбесі де кеуіп қалады!»
3Жаратқан Ие мынаны айтады: «Дамаскінің халқы көптеген зұлым істер істеп келді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Олар (Исраилдің) Ғилақад аймағын темір астық бастырғышпен таптағандай аяусыз талқандады.