NUR
Елшілердің істері 26
1Агриппа Пауылға: — Өзіңді ақтап сөйлеуге рұқсат, — деді. Сонда Пауыл қолын созып, қорғау сөзін бастады:
2— Жоғары мәртебелі Агриппа патша, бүгін сіздің алдыңызда тұрып, яһуди басшыларының таққан айыбына қарсы өзімді қорғап сөйлеп тұрғаныма қуанамын.
3Өйткені сіз яһудилердің барлық әдет-ғұрыптары мен даулы мәселелерін жақсы білесіз. Сондықтан сөзіме шыдамдылықпен құлақ түрсеңіз екен деп өтінемін.