NUR

Патшалықтар 2 18

1Дәуіт өзінің топтарын жинап түгендеп, олардың үстінен мыңбасылар мен жүзбасыларды тағайындады.

2Содан соң Дәуіт жасағын үш топқа бөлді. Бірінші топқа — Сарұя ұлы Жоғабты, екінші топқа — оның інісі Әбішайды, үшінші топқа — ғаттық Іттайды қолбасшы етіп тағайындады. Патша жасақшыларына: — Мен де сөзсіз сендермен бірге аттанамын! — деді.

3Бірақ олар: — Тақсыр, бармай-ақ қойыңыз. Біз қашсақ та, олар бізге онша көңіл аудармас. Жартымыз қырылып қалсақ та, оларға бұл бәрібір. Ал сіздің өміріңіз біз сияқты он мың адамның өміріне тұрады. Сондықтан сіздің қала ішінде қалып, сол жақтан бізге көмектескеніңіз дұрыс болар, — деп жауап берді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →