NUR
Патшалықтар 4 9
1Еліше пайғамбарлар шәкірттерінің біреуін шақырып алып, оған былай деп тапсырды: «Жолға дайындалып, қолыңа бір құты май ал да, Ғилақадтағы Рамот қаласына бар.
2Сол жерде Німшидің немересі, Жосапаттың ұлы Ехуді тауып ал. Оны оңаша бір ішкі бөлмеге алып барып,
3құтыдағы майды басына құйып, оған былай де: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен сені Исраилдің үстінен патша етіп тағайындадым!» Бұдан кейін есікті ашып, еш кідірмей сол жерден жүгіріп кетіп қал!»