NUR
Патшалықтар 4 17
1Яһуда еліне Ахаз патшалық құрған он екінші жылы Ила ұлы Ошия Самария қаласында Солтүстік Исраилдің патшасы болып, тоғыз жыл билік жүргізді.
2Ошия Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді, бірақ олары Солтүстік Исраилдің бұрынғы патшаларының қылықтарындай болған жоқ.
3Бірде Ассурдың патшасы Салманасар Ошияға қарсы аттанды. Себебі бұрынырақ Ошия оған бағынышты болып, алым-салық төлейтін еді.