NUR

Патшалықтар 4 12

1(Солтүстік Исраилге) Еху патшалық құрған жетінші жылы Жоғас Яһуда елінің патшасы болды. Ол Иерусалимде қырық жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні бер-шебалық Сибия еді.

2Діни қызметкер Еходай оған тәлім беріп жүрген уақыттың барлығында Жоғас Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеді.

3Тек биіктеу жерлердегі табыну орындары алынып тасталмады. Халық сол жерлерде құрбандық шалып, өртеп, хош иісті заттарды түтетіп ұсынуларын жалғастыра берді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →